«БЕНТОБАК» АЗЫҚ ҚОСПАСЫНЫҢ ҮЙРЕК БАЛАПАНДАРЫНЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ӘСЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2024.1(120).1600
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада «Бентобак» азық қоспасының үйректердің өсуі мен дамуына әсері зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Зерттеулер 2023 жылы Ақмола облысында, «Qaz Astana» ШҚ жүргізілді. Зерттеуге қойылған үйрек балапандарының бастапқы орташа тірілей салмағы 61,22 г және 64 г, зерттеудің соңында бақылау тобындағы үйректердің орташа тірілей салмағы 2,781 кг құраса, «Бентобак» азық қоспасы қосылған топтағы үйректердікі 2,913 кг болды және осы кезеңдегі орташа тәуліктік өсім бақылау тобында 55,5 г, ал тәжірибелік топта 58,5 г болды. Бақылау тобындағы үйректермен салыстыратын болсақ «Бентобак» азық қоспасы қосылған үйректердің өсу және даму деңгейі жоғары, сондай-ақ тәжірибелік топтағы үйрек балапандарының абсолюттік өсімі 5%-ға артты. «Бентобак» азық қоспасын қолдану балапандардың асқазан-ішек жолдарының бұзылуын болдырмауға және олардың сақталғыштығын 2% арттыруға мүмкіндік берді.