Көпмағыналы «көрсет» етістігінің парадигмасы

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ph1/36-42
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада көп мағыналы лексемаға жататын «көрсет» етістігінің парадигмасы қарастырылған. Сөздікте оның бірнеше мағынасы берілген. Морфологиялық тұлғасына қарап –т қосымшасын өзгелік етіс жұрнағымен шатыстырып алуға болады. Бұл жерде біріншіден, етістіктің түрлену жүйесінің өзіндік тәртібі бар екендігіне сүйенсек, екіншіден, қазақ тілі агглютинативті тіл болса да омоним жұрнақтардың кездесіп отыратындығын ескереміз. Осы негізде мақалада «көрсет» етістігіне талдау жасалған. Зерттеу барысында салыстыру, талдау, жинақтау әдістері қолданылды. Нәтижесінде «көрсет» етістігінің ҚТТС-те көрсетілген бес мағынасынан бөлек басқа да қолданыстары толықтай ашылып, нақтыланып, теориялық тұрғыдан дәлелденді.