Аңдатпа
Мақалада магистральді газ құбырындағы жарықшаның таралу жылдамдығына құбырдың жұмыстық және геометриялық параметрлерінің, сонымен қатар, болаттың механикалық қасиеттерінің әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу қорытындылары көрсеткендей, жұмыстық қысым мен құбырдың диаметрінің үлкеюі қирау жылдамдығының өсуіне әкеледі, ал құбыр қабырғасы мен материалдың соққы тұтқырлығының үлкеюі қирау жылдамдығын азайтады.