Аңдатпа
Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегідей, егде жастағы азаматтар санының артуы байқалады. Қартаюдың негізгі проблемалары – қарт адамдар ағзасындағы полиморбидтілік, полипрагмазия, ДЗ өзгертілген фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы болып табылады. Гериатриялық науқастардың ерекшелігі — олардың медициналық және фармацевтикалық мамандармен қарым-қатынасын қиындататын жасқа байланысты когнитивті, эмоционалды және мінез-құлық өзгерістері болатыны белгілі. Осыған байланысты пациенттердің осы санатымен қосымша фармацевтикалық қызметтерді дұрыс жүргізу маңызды. Жұмыстың мақсаты фармацевтикалық қызметкерлердің гериатриялық науқастарға кеңес беруіне ситуациялық талдау жүргізу болып табылады. Жұмыста келесі әдістер қолданылды: контент талдау, маркетингтік талдау, әлеуметтік (сауалнама), статистикалық талдау. Зерттеу дизайны 50 респонденттің сауалнамасын қамтыды, гериатриялық науқастарға, өздеріне тән ауруларға байланысты фармацевтикалық қызмет көрсетудің негізгі мәселелерін және фармацевтикалық кеңес беру қажеттілігін анықтау болып табылды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша пациенттердің бұл санатына полиморбидтілік пен коморбидтілік, яғни 15-тен астам созылмалы аурулардың болуы тән екендігі анықталды. Гериатриялық пациенттерге фармацевтикалық қызметтерді көрсетуді жетілдіру үшін дәріхана ұйымдары ұсынатын қызметтерді зерттеді, егде жастағы келушілердің көптеген когортасының тілектері мен қалаулары анықталды.