Мектеп курсында және биологиядан сыныптан тыс жұмыста ізденушілік білігін қалыптастыру мен дамытудың әдістемелік аспектілері

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47689/xxia-ttipr-vol1-iss1-pp39-42
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта жалпы білім берудің ең маңызды міндеті әрбір ізденушінің өзінің толыққанды тәжірибе жинақтауға, ізденушілік дағдысын қалыптастыруға бағыттылығы болу қажеттілігі жоғарыда тарауларда да қарастырылды. Бұл жетістіктің негізгі жолы-білім алушылардың шығармашылық, ізденушілік-іс-әрекеті. Жаһандық үдерістер білім беруді ақпараттандыруға алып келеді, білімгер тұлғасының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі дамытуға ықпал ететін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздестіруге деген қажеттілікті тудырады. Бұл, өз кезегінде, білім беру қызметі үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін ғаламдық ақпараттық білім беру ортасын құру келешегін анықтайды, оның қатысушылары арасында рөлдерді қайта бөлуге әсер етеді.