Батыс Қазақстан трансшекаралық аймағындағы топонимдердің этимологиялық негіздері

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-139-2-89-99
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Батыс Қазақстан аймағындағы трансшекаралық топонимдердің этимологиялық негіздерін анықтауға арналған. Трансшекаралық топонимдердің этимологиясын ашу халқымыздың тарихын тануда маңызды рөл атқарады. Көне замандардан жеткен біршама топонимдердің мағынасы көмескіленіп, белгісіз күйге жетіп отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, осы аймақтағы кейбір топонимдердің шығу тегі мен уәждеріне талдаулар жасалды. Жер-су атауларының маңыздылығын әр қырынан сөз етуге болады. Біріншіден, жер-су атауларының қойылуы әртүрлі кезеңдерді қамтиды. Сырын аша білсек, олардың астарында халқымыздың тарихынан, мәдениетінен, таным түсінігінен, дүниетанымынан мәлімет беретін ақпарат жатыр. Екіншіден, халықтың жүріп өткен жолын, мекен еткен жерін айғақтайтын тілдік деректер бар. Дүниежүзіне тарыдай шашыраған түркі халқы жайлы мәліметті жеткізетін бірден-бір құрал – топонимдер. Бұл деректер ата-бабаларымызбен бірге жасап, бірге өмір сүрді әрі өміршеңдігімен тарих сахнасында қалып қойды. Әрине, тарих қойнауында ұмытылып немесе жаңа түр алып, өзгеше сипатқа ие болып, басқалай аталғандары да аз емес. Дегенмен нақты деректердің ақиқаты мойындалуға тиіс және ол өте маңызды. Сондықтан халқымыздың тарихын жасауда, мекендеген аймақтарын белгілеуде трансшекаралық топонимдердің маңызы зор. Соңғы кездерде түрлі зерттеу жұмыстарының арқасында біраз ұмытыла бастаған дүниелердің беті ашылып, мағынасы күңгірттенген топонимдердің этимологиясына көңіл аудара бастағанымыз белгілі. Көне топонимдердің шығу тарихы, түп төркіні, мән-мағынасы жөнінде айтылған пікірлердің әртүрлілігі байқалады. Бұл лексикалық қордағы басқа сөздерге қарағанда, топонимдердің этимологиясын ашудың әлдеқайда күрделі екенін көрсетсе керек. Топонимдердің кейбір облыс, аудандарға қатысты қатары анықталғанмен, трансшекаралық аймақтардағы жер-су атаулары толықтай қағаз бетіне түсе қойған жоқ