Analysis of the main indicators that determine the formation of the strategy of diversification of the economy of Kostanay region

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2023.4(53).45
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әлемдік экономикалық қоғамдастықта Қазақстан Республикасы өз аумағында минералдық-шикізаттық және энергетикалық ресурстардың игерілетін және болжамды қорлары бар, оларды әлемдік нарықтарға жеткізу ел бюджетін толықтыруға мүмкіндік беретін мемлекет ретінде позицияланады. Алайда, соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық өсудің жоғары көрсеткіштерін және шикізат өнімдерінің экспортқа тәуелділігінен алшақтауды қамтамасыз ету мақсатында елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруда. Елімізде жалпы ұлттық экономиканың құрылымдық өзгерістері орын алуда. "Қазақстан - 2050" Стратегиясы Қазақстанның бәсекеге қабілетті және дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін айқындайды. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты ел экономикасын әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру есебінен оның орнықты өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан өз дамуында жинақталған ресурстық әлеует есебінен өндірісті әртараптандыруға қол жеткізу қажет болатын межеге жетті. Мақалада экономиканы әртараптандыру тұжырымдамасын авторлық түсіндіру ұсынылды, Қостанай облысының жалпы өңірлік өнімінің көрсеткіштері талданды, Қостанай облысының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің динамикасы ұсынылды, өнеркәсіптік өндіріс көрсеткіштеріне талдау жүргізілді, өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру қажеттілігі негізделді. Әртараптандыру өндіріске жоғары технологияларды енгізу және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру арқылы экономиканың құрылымдық элементтерін өзгертуге бағытталған. Бұл тұрғыда әртараптандыру тек шикізаттық бағдардың өзгеруі ғана емес, бұл бизнес пен мемлекеттің жұмыс істеуінің басқа принциптеріне көшу. Тұтастай алғанда ел экономикасын әртараптандырудың нысаналы индикаторларын болжау кезінде әр өңірдің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастырылған өңірлерді әртараптандыру бағдарламаларын білу қажет. ҚР-ның әртүрлі өңірлерінің өздерінің әлеуетті мүмкіндіктері мен әртараптандыру шекаралары бар, мұнда олардың асып кетуі әрқашан өндіріс тиімділігінің өсуіне әкелмейдігі мақалада дәлелденген. In the world economic community, the Republic of Kazakhstan is positioned as a state with developed and forecasted reserves of mineral and energy resources on its territory, the supply of which to world markets makes it possible to replenish the country's budget. However, in the last decade, the Republic of Kazakhstan has been implementing a program of industrial and innovative development of the country in order to ensure high rates of socio-economic growth and move away from the export dependence of raw materials. The country is undergoing structural transformations of the national economy as a whole. The strategy "Kazakhstan - 2050" defines Kazakhstan's entry into the top 30 competitive and developed countries. The main goal of the state program of industrial and innovative development of the Republic of Kazakhstan for 2020-2025 is to diversify the country's economy and ensure its sustainable growth by increasing competitiveness. Kazakhstan has reached a milestone in its development, where it is necessary to achieve diversification of production due to the accumulated resource potential. The article offers the author's interpretation of the concept of economic diversification, analyzes the indicators of the gross regional product of Kostanay region, presents the dynamics of the gross regional product per capita of Kostanay region, analyzes the indicators of industrial production, substantiates the need for diversification of industrial production. Diversification aims to change the structural elements of the economy by introducing high technologies into production and forming a competitive economy. In this sense, diversification is not only a change in the raw material orientation, it is a transition to different principles of business and government functioning. When forecasting target indicators for the diversification of the country's economy as a whole, it is necessary to know the regional diversification programs formed taking into account the specific characteristics of each region. The article shows that different regions of the Republic of Kazakhstan have their own potential opportunities and boundaries of diversification, where exceeding them does not always lead to an increase in production efficiency.