The impact of socio-economic indicators on ecotourism and the involvement of the local community

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2023.4(53).23
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмнің дамуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды талдауға арналған. Зерттеу барысында Ұлытау ауданына қатысты ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізілді, бұл осы аумақта экотуризмді қалыптастыратын және дамытуға ықпал ететін негізгі аспектілерді анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері қарастырылып отырған мемлекеттік ұлттық табиғи паркте экотуризмнің қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың маңыздылығын растайды. Мақалада табыс деңгейі, білім беру жағдайы, халықтың денсаулығын сақтаудың қолжетімділігі және экотуризмді дамыту арасындағы өзара байланыстар қамтылған. Бұл осы аспектілердің экотуризм индустриясының тұрақтылығы мен табыстылығына әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу сонымен қатар экотуризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде жергілікті халықтың маңызды рөлін көрсетеді. Жергілікті тұрғындардың экотуризм индустриясына әсері талданады және жергілікті қоғамдастық осы даму процесін жақсарту үшін қамтамасыз ете алатын ресурстар көрсетіледі. Нәтижелер экотуризмнің болашақта дамуын болжай алатын және оның аймаққа қосқан экономикалық үлесін бағалай алатын математикалық модель құруға перспективалар ашады. Ұлытау өңірінде экологиялық туризмді тұрақты дамытуға жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуының маңыздылығына назар аударылды. The study is devoted to the analysis of socio-economic factors influencing the development of eco-tourism in the Ulytau Nature Park. In the course of the study, a review of scientific literature and an analysis of socio-economic indicators of the Ulytau district were conducted, which made it possible to identify key aspects that form and contribute to the development of ecotourism in this territory. The results of the study confirm the importance of socio-economic factors in the formation and development of ecotourism in the considered natural park. The paper highlights the relationship between income, education, access to health care and the development of ecotourism. This allows for a deeper understanding of the impact of these aspects on the sustainability and success of the ecotourism industry. The study also highlights the important role of the local population in ensuring the sustainable development of ecotourism. The impact of local residents on the ecotourism industry is analyzed and resources are allocated that the local community can provide to improve this development process. The obtained results open up prospects for creating a mathematical model that could predict the future development of ecotourism and assess its economic contribution to the region. Attention is drawn to the importance of the active participation of local residents in the sustainable development of ecological tourism in the Ulytau region.