Аңдатпа
ХХ ғасыр басында түркі халықтарының рухани өміріне белсене атсалысқан алдыңғы қатарлы қаламгерлер шоғыры кейінгі ұрпаққа бай әдеби мұра қалдырды. Солардың бірі – «Шығыстың Шекспирі» атанған әзербайжан ақыны, драматургы Хүсейін Жавид. Өкінішке қарай, оның шығармалары қазақоқырманына бейтаныс болып келеді. Мұның негізгі себебі – өзара аударма тәжірибесінің жүйелі түрде жолға қойылмағандығы және қазақ-әзербайжан әдеби байланыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеудің осы уақытқадейін жеткілікті дәрежеде қолға алынбағандығы. Сондықтан бұл бағытта әдебиеттанушылардың алдында тыңмақсаттар пен міндеттер тұр. Негізінен Низами Гәнжәуи, Абай Құнанбаев, Мырза-Фәтәли Ахундзадә секілдіклассиктері шығармаларынан ғана азды-көпті хабардар екі халықтың арғы-бергі әдебиетіндегі құбылыстарды ең алдымен салыстырмалы-тарихи әдіс тұрғысынан таразылау қажет. Бұл мақалада Хүсейн Жавидтіңөлеңдеріндегі романтизм оның өзімен замандас қазақ ақындарының (М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Күлеев) поэзиясындағы ұқсас сарындармен ұштастыра қарастырылып, екі ел әдебиеті дамуының солкезеңіндегі идеялық-көркемдік ізденістер көп ретте ортақ мәдени-рухани арнадан бастау алғандығы нақтымысалдармен дәлелденеді.