Фольклорлық жанрлар мәтінінің бастапқы және аяққы шендері

2018

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2018-124-3-116-124
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ ауыз әдебиеті жанрлары мәтіндерінің бастапқы және аяққы позицияларының ерекшеліктері лингвофольклортану тұрғысынан талданады. Фольклорлық мәтіндердің бастапқы және аяққы шендерінің жалпы мәтіндегі функциялары баяндалады.Фольклорлық жанрлардың белгілі бір синтаксистік формулалармен басталып, солайша аяқталуы типтік құбылысқа жатады. Фольклортану ғылымы мұны жаттанды нәрседей қабылдайды. Алайдабұл позицияларды лингвофольклортану тұрғысынан қарағанда біраз жайттардың мәні ашылады, бастапқы және аяққы шендердің функциялары анықталады, олар: мәтіннің басталуының белгілері, баяндаубарысына өту амалы, тақырып пен негізгі идеяны байланыстыру, сюжет пен мәтіннің субъективтік модальділігінің байланысын орнату, оқиғаны түйіндеу, ғибрат беру, мәтінді декодтауға ықпал ету.Сонымен қатар бұл позициялардың прагматикалық мәні зор, ол оқырманды оқиғаға кірістіруінен, ақпаратқа қызықтыру, тарту, шығармаға ерекше көңіл аудартудан, коммуникативтік ахуалды модельдеуден, белгі беру немесе мәтін бөліктерін межелеуден, оқырманға эстетикалық әсер беруінен,мәтінде жалпы тартымды сарын туғызудан, оқырманға ерекше зейін қойғызу және оны қызықтыруынанкөрінеді. Осы жайттардың бәрінің лингвистикалық бірліктермен берілу жолдары бар. Ол жолдар фольклорлық жанрлардың әр жанрында әртүрлі. Мақала «Қазақ фольклорын тілдік-жанрлық зерттеу» ғылыми жобасының шегінде жазылды.