Аңдатпа
Мақалада сөйлеу ағымындағы сөздердің байланысуынан синтагмалық құрылымтүзілетіні анықталады. Синтагмалық құрылымға атауыш сөздер, лексикалық мағына, когнитивтіксемантика мен олардың грамматикалық байланысу жолдары негіз болатыны дәлелденеді. Синтагмаграмматикалық амал-тәсілдер арқылы байланысып, коммуникативті семантиканы қалыптастыратын құбылыс ретінде ерекшеленеді. Сондықтан әрі сөйлеу бірлігі, әрі синтаксистік бірлік ретіндетанылады. Сөйлеу бірлігі ретінде танымның нысанына, синтаксистік бірлік ретінде тілдің нысанына жатқызылады. Сондықтан синтагма тіл мен танымды байланыстырушы бірлік ретінде қарастырылдады. Логикалық ұғым, танымдық (когнитивтік) семантика, лексикалық мағынаның синтагма құрамындағы қызметіне талдау жасалады. Олар синтагмалық құрылымның стереотиптерінанықтауға негіз болатыны көрсетіледі. Синтагма құрамында табиғи және әлеуметтік байланыстағысөздердің тіркесетіні дәлелденеді.Табиғи байланыстағы сөздердің тіркесінен бір ұғымның мәнін ашатын сөздердің синтагмасы қалыптасатыны, әлеуметтік байланыстағы сөздердің тіркесінен әртүрлі ұғымды білдіретінсөздердің синтагмасы қалыптасатыны анықталады. Олар нормативті синтагмалар деп танылады.Сонымен қатар, экспрессивті-эмоционалдық мәндегі сөздердің де синтагмалық құрылым түзетінікөрсетіледі. Олар оккозионалды синтагмаларға жатқызылады. Сонымен бірге, мақалада сөйлеу ментілдің ұқсастықтары мен айырмашылықтары және олардың лингвистикада алатын рөлі анықталады