Гендерлік лингвистикадағы эмоцияны айқындайтын лексика (ағылшын және қазақ тілдері негізінде)

2019

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2019-126-1-42-49
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада адамның ішкі жай-күйі мен эмоциясын танытатын сөздер гендерлікаспектіде қарастырылды. Зерттеу барысында ағылшын және қазақ тіліндегі материалдарға талдаужүргізілді. Ерлер мен әйелдердің тілдік қолданысындағы эмоцияны көрсететін сөздердің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері анықталды. Сондай-ақ, талдау кезінде ағылшын және қазақ тіліндекелтірілген мысалдар негізінде эмоцияны білдіретін сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрсетілді.Автор гендерлік лингвистиканы жан-жақты зерттеген О.В. Добрунова, А.В. Вандышева, А.В.Кирилина сынды ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып эмоцияны білдірудің гендерлік жіктеліміне талдау жасаған. Сондай-ақ, гендерлік аспектіде эмоцияға қатысты теориялық мәселелерді сипаттай отырып, практика жүзінде дәлелдеп көрсетті. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эмоцияныбілдіретін тілдік бірліктердің табиғатына тоқталып, мақала төңірегінде дәлелдемелер мен нақтымысалдар келтіріп өткен. Адамдардың гендерлік жіктелім бойынша эмоцияны танытуда тілдік қолданыстың әртүрлі болатындығы ғылыми негізде дәлелдеген.