Аңдатпа
Мақалада ақын Мағжан Жұмабаев жырларындағы «бақыт» базалық концептісінқұрайтын мағыналық-ақпараттық өрістер айқындалып, оларды анықтайтын тілдік модельдергеталдау жасалып, тілдік бірліктердің когнитивтік құрылымы ажыратылды. Мағжан өлеңдерін талдау барысында «бақыт» базалық концептісін құрайтын он мағыналық-ақпараттық өріс сұрыпталыпалынды. Осы концептіні құрайтын мағыналық-ақпараттық өрістер жеке-жеке талданып, оларды айшықтап тұратын тілдік бірліктер мен когнитивтік құрылымдар жүйеленді. Талдау барысында ақынның бақыт танымы туралы жеке пайымы, суреттеп бейнелеуі, өзіндік стилі анықталды. Сол кезеңдегі саясат, қоғамның хал-ахуалы, жалпы ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының тағдыры қандайболды деген бейне (картина) ақын жырларынан нақты көрініс тапқан. Олар, әсіресе, бақыт ұғымыаясында анық байқалады.