Аңдатпа
Мақалада қазақ әдебиеті тарихында орта ғасыр поэзиясының орны ерекше екеніанықталып, түркі әдебиеттің идеялық-көркемдік маңызы сөз болады. Орта ғасыр шығармаларынаөзек болған сол замандағы заман ахуалы, адамгершілік мәселелер, жеке тұлғаның ықылас-пейілініңөзгеруі және тағы да басқа тақырыптар талданады. Соның ішінде, орта ғасырда жазылған әдебижәдігерлерге Құранның әсері жан-жақты қарастырылады. Орта ғасырдағы әдеби жәдігерлердіңнегізгі айтар ойы халыққа ислам дінін түсіндіріп, рухани тазалыққа шақыру нақты мысалдарменқарастырылады. Ислам діні орта ғасырдағы түркі әдебиетінің жаңа арнада дамуына әсер еткен,соның көрінісі сол дәуір шығармаларында Құран аяттары мен пайғамбар хадистері орынды пайдаланылғаны анықталады.Қарахан дәуірінде жазылған шығармалардың басты тақырыбы болған дидактикалық мәселелерді орта ғасыр ақындары қалай жырлағаны анықталып, оның түркі әдебиетінің дамуына қаншалықты үлес қосқаны айқындалады.