Аңдатпа
Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштері – түркі халықтарының өткен тарихы мен мәдениетінен, тілінің ерекшеліктерінен мәлімет беретін асыл мұра. Ескерткіштер тіліндегі мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеу қазақ тіліндегі паремиологиялық жүйенің қалыптасуы мен дамуүдерістерін, мақал-мәтелдердің мағыналық уәжін анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада ХІ-ХІІғасырларда жазылған түркі ескерткіштері – Жүсіп Баласағұнидің «Құдатғу білік», Махмұт Қашқаридың «Диуани луғат-ит түрк», Ахмет Йүгнекидің «Һибат-ул хақайқ», Ахмет Йасауидің «Диуанихикмет» шығармалары тіліндегі моральдық құндылықтарды сипаттайтын мақал-мәтелдер қарастырылады. Ескерткіштер тіліндегі адамның жақсы қасиеттері мен жағымсыз қасиеттерін сипаттайтынмақал-мәтелдердің этномәдени мазмұны, паремиологиялық мағынаның ерекшелігі мақал-мәтелдерқұрамындағы доминант сөздердің семантикалық аясы шеңберінде сараланады. Орта ғасыр түркіжазба ескерткіштері тіліндегі мақал-мәтелдер қазақ тіліндегі мақал-мәтелдермен салыстырылаотырып, олардың этномәдени мазмұнындағы ортақтықтар мен айырмашылықтар анықталады.