«Тіл /сөз» концептісінің қазақ паремиологиялық қорындағы вербалдану ерекшеліктері

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2020-133-4-93-102
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кейінгі 10-15 жылда қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығы тілтанымдық тұрғыда зерттеліп, ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті байланыстыразерттейтін лингвомәдениеттану деп аталатын сала дамып келеді. «Концепт» мәселесімәдениеттанымдық және когнитивтік бағыттарда қарастырылып, тұщымды тұжырымдар жасалды. Концепт – этномәдени санада сақталған, дәуірден-дәуірге беріліп кележатқан, мағынасы терең, ұлттың шынайы болмысын паш ететін, дүниені тану тәсілі.Лингвомәдениеттанымда кез келген концепт әртүрлі тілдік бірліктерде, атап айтқанда, сөздерде, тұрақты тіркестерде, паремиологиялық қорларда, өлең-жырларда т.б. вербалданады. Қазіргі концептосфераның негізгі концептілерін зерттеу мәселесі лингвомәдениеттанудың міндеті болып табылады. Осындай концептілерге адам өмірінде маңыздырөл ойнайтын «тіл /сөз» концептісін жатқызуға болады. Осыған орай, мақалада әлемдікмәдениетте ең күрделі, әрі маңызды концептілердің бірі болып табылатын «тіл /сөз»концептісінің қазақ паремиологиялық қорындағы вербалдану ерекшеліктері зерделенеді.Сондай-ақ, қазақ тіліндегі «тілге/сөзге» қатысты паремиялар семантикалық тұрғыдантоптастырылып, лингвомәдени талдау жасалады.