Мақал-мәтелдердегі көнерген сөздер

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2020-133-4-78-85
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақал-мәтелдер тіл білімі, тарих, этнография, психология, фольклористикажәне тағы басқа ғылымдардың мамандары үшін үлкен мәнге ие. Әсіресе, тіл білімініңғалымдары үшін ерекше қызығушылық тудырады, өйткені фольклордың осы жанрында тілдің ежелгі жағдайына тән және оның даму процесінде жоғалған архаикалық құбылыстардың едәуір қабаты кездеседі. Қазақ мақал-мәтелдерінің тілі – тіл білімі үшінқұнарлы зерттеу нысаны. Бұл таңқаларлық та емес, өйткені сөз тілдік бірлік ретіндетілдің грамматикалық құрылымын көрсетеді, ал мақал-мәтелдер көне грамматикалық және лексикалық жүйенің көптеген және алуан түрлі реликтерін өз құрамындасақтап қалды. Сондықтан мақал-мәтелдердегі көнерген сөздер жан-жақты зерттеудіқажет етеді. Жалпыхалықтық тілдің лексикалық және грамматикалық нормаларыбекітілген мақал-мәтелдердің тілдік ерекшеліктерін толық зерттемей және жүйелітүрде сипаттамай, әдеби тілдің қалыптасуының тарихи заңдылықтары мен жетекші үрдістерді анықтау мүмкін емес. Бұл мақалада қазақ тілінің мақал-мәтелдеріндекездесетін кейбір архаизмдердің шығу тегі қарастырылады. Кейбір сөздердің көнеленусебептері туралы болжамдар ұсынылған. Қазақ тіліндегі архаикалық лексикалық бірліктерінің этимологиясын зерттей келе, автор мақал-мәтелдерге архаизмдер тән жәнеолардың шығу тегін анықтау үшін экстралингвистикалық факторларды қарастыруқажет деген тұжырымға келеді.