Смағұл Садуақасұлының әңгімелері: көркемдік және тарихилық қағидаттардың ықпалдастығы

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2021-137-4-86-96
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы көркем прозада «Салмақбай – Сағындық»,«Күлпәш», «Күміс қоңырау» повестерімен, «Сәрсенбек» романымен аты мен затықалған Смағұл Садуақасұлының «Өртең», «Салмақбай, Махамбет», «Аптономиа»сынды әңгімелері әрі көркемдік, әрі тарихилық сипатымен ерекшеленеді.Алаш әдебиеті кезеңіне жататын осы көркем шығармалардың авторы – жай жазушығана емес, парасаты толысқан, жастай саясат ісінде шыңдалған қайраткер. Тұлғалар қолына шабыттан гөрі ағартушылық мақсат қалам алдыртады. Айталық, Алаш көсеміӘлихан Бөкейханның саясат жұмысы барысында білікті көсемсөзші, сындарлы әдебиеттанушы болуының себебі сол. Бұл қасиет Смағұл Садуақасұлында да болды. Аса күрделі кезеңдегі ұлт жастарының арманы, зиялылар арасындағы елдік және төңкерістікмәселелерге байланысты көзқарастар, большевизм кезіндегі халықтың табиғи мүддесі,қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер – қаламгердің негізгі нысанасы.Отаршылдық – әділетсіздік, аярлық, зорлық-зомбылық арқасында ғұмырын ұзартқантамыры терең, кесапат құбылыс. Әлемдегі талай халықтарға трагедия алып келгеносы басқыншылық (Алаш лексиконында «жуан жұдырық») Қазақ елін адам айтқысызқиындыққа душар етіп, теңдік пен еркіндік аясындағы дамуын тежеді. Әділеттікке деген ұмтылыс жастай сезімі мен санасында қайнаған Смағұл ұлтына азаттық тимегенекі қоғамды жаман жағын да, қайсыбір жақсы жағын да парықтап, ақылымен ұғып өсті.Әлем және орыс әдебиеті, ұлт фольклоры дәстүрінен бастау алатын ХХ ғасырдың басширегіндегі қазақ әдебиетінің өкілі ретінде Смағұл Садуақасұлы көркемдік және тарихилық қағидаттарға иек артып және сол екеуінің ықпалдастығы арнасында жазушылықшеберліктің бел-белестерін игерді.Мақалада С.Садуақасұлының әдебиет тарихынан сырт қалып келген әңгіме жанрындағы ізденістері мен табыстары қарастырылып, талданады.