Аңдатпа
Мақалада Абай шығармаларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамыныңрухани-мәдени өміріне әсері қарастырылады. Абай өлеңдерінің көрнекті ғалым,ағартушы, ақын, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі А.Байтұрсынұлының шығармашылығына тақырыптық-идеялық, көркемдікэстетикалық әсері талданады. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» атты зерттеуіндеАбай өлеңдерінің қолданылу сипаты талданып, оларды берудегі автор ұстанымыайқындалады. Ақынның өлеңдерінен алынған мысалдардың саны, көлемі, мазмұны,идеясы анықталады. Зерттеуде Абай туралы танымдық ақпаратты ұсыну себептерікөрсетіліп, қара сөздердің мысалдар келтірілген. Абайдың тұлғасы мен ой-пікірініңАлаш ұлт-азаттық қозғалысының өзегіне айналуының себептері негізделген. Абайдыңданалық қағидалары ХХ ғасыр басында қазақ халқының мәдени өмірінде айрықшасипатқа ие болғаны, ойшылдың терең философиялық, гуманистік, елді бірліккешақырған әлеуметтік көзқарасы Алаш қозғалысының рухани негіздемесіне айналғанытұжырымдалған