Аңдатпа
Мақалада қазақ заңгерлік дискурсындағы «қылмыс» концептісілингвомәдениеттану тұрғысында сараланады. Заңгерлік дискурстың қоғам өміріндегіәлеуметтік қатынастарды реттеу және бақылау мақсатында іске асырылатыны,қоғам мүшелерінің белгілі бір мәдени құндылықтарымен байланысты болатыны әрітілдің семантикалық кеңістігінде түрлі концептілік құрылымдар арқылытұрақталған концептілер жүйесіне негізделетіні анықталады.Қоғамдық тәртіп пен әлеуметтік бақылаудың жалпы жүйесін анықтайтын заңгерлікдискурс – семантикалық жағынан сараланған құрылым. Заңгерлік дискурстыңконцептілері ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтық жүйеніұйымдастырады. Заңгерлік дискурстың концептілік құрамы заң концептосферасынқалыптастырады. Қоғамдық қатынастарды әлеуметтік реттеушілер ретіндетанылатын құқықтық концептілерде кумулятивтік сипат басым болады. Құқықтықконцептілер белгілі бір ұжымның тілдік санасында таным түсініктерінің кешендімазмұнына ие күрделі құбылыс ретінде танылады. Бұл заңгерлік дискурстағықұқықтық концептілерді «мәдениеттен жеке санаға бағытталу» негізінде ұлттықмәдениеттің ерекшеліктеріне негізделген ұлттық құндылықтармен байланыстазерттеуге негіз болады.