Қазіргі тарихи романдағы шығармашылық қиялдың орны

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-138-1-112-122
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Егемендік алғаннан кейінгі қазақ әдебиетінің басты сипатының бірі –тәуелсіздік жолында жанкешті ерлік жасаған қаһамандардың көркем бейнесініңжасалуы. Кеңестік кезеңдегі романдардан бүгінгі күрделі жанрдың басты ерекшелігі –Тәуелсіздік рухымен жазылуы. Осы тұрғыдан ұлттық әдебиетіміздегі қазіргі роман өззаманына сай дамып келеді. Зерттеу мақалада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңіргенқайраткері Әкім Таразидің «Мұстафа Шоқай» және ақын әрі жазушы РафаэльНиязбектің «Тауқымет» романындағы көрнекті қоғам қайраткерлерініңтоталитарлық жүйемен бетпе-бет келген азаматтық болмысы мен асқақ рухыныңсуреттелуі, автордың қаһарман тұлғасын жасаудағы көркемдік-стильдік ізденісі,авторлардың шығармашылық қиялы талданды. Бұл екі романды талдау арқылы,шығармашылық қиялдың кейіпкер жасауда, сюжет пен қақтығысты өрбітуде,туындыдағы оқиғалардың байланысы мен композициясында шешуші көркемдік қызметатқаратынын аңғардық. Дей тұрғанмен, шығармашылық қиял тарихи тұлға болмысымен тарих шындығына қарама-қарсы келмеуі шарт. Керісінше, қаһарман мен оныңорта шындығын көркемдік тұрғыдан жинақтап, сюжетке айналдырып, характерлерқақтығысына құруда жазушы фантазиясының еркіндігі маңызға ие екеніндігін анықтапотырмыз. Басты кейіпкерлердің мінезін бейнелеуде авторлар қайраткердің түрліжағдайды басынан өткерудегі психологиясын суреттеуге назар аударғандығышығармадан үзінділер берумен дәлелденді. Романдардың негізгі желісін құрап тұрғанпсихологиялық тартыс, жан драмасы, өмір мен өлімнің бетпе-бет шайқасы екендігізерделенді. Автор үшін тарихи деректің шеңберінде қалу емес, қайта керісінше тарихитұлғаның шынайы азаматтық-күрескерлік тұлғасын, жанкешті психологиясын ашу,тарихи ортаның тынысын оқырманға көрсету бірінші кезекте тұрғандығы танытыпотыр