Абай және Шауқи шығармаларындағы даналық

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-140-3-181-190
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы ақын Абай Құнанбайұлы мен қазіргі заманғы араб әдебиетінің негізін қалаушы ақын Ахмед Шауқидің шығармаларындағы даналық тақырыбы мазмұндық тұрғыда талданған. Талдау барысында ақындардың туындыларындағы басты тақырыптар мен ой-пікірлер сараланған. Абай шығармалары тікелей, ал Шауқи шығармалары араб тілінен қазақ тіліне аударыла отырып, зерделенді. Зерттеу барысында Абайдың “Әсемпаз болма әрнеге”, “Ұстаздық қылған жалықпас”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, ал Шауқидың “Туған жерге оралу”, “Ніл алқабындағы ірі оқиғалар”, “Мұғалімге тағзым ет” шығармаларына қатысты ой-пікірлер мен зерттеулер қарастырылып, оларға тұжырымдар жасалынды. Абай мен Шауқи шығармалары олардың жан-дүниесі болмыстың барлық алуан түрлі мағыналарын ашуға тырысады және олардың қай жерде болмасын көркемдік сипаттары айқын көрсетіледі. Олар әрдайым ақиқат пен кемеңгерлікті іздейтін және Жаратушы берген ең жақсы қасиеттердің болуын қалаған пікірлерге және әртүрлі тұжырымдарға қатысты ой-өрісі кеңейген дана ақындар болып қала береді.