Аңдатпа
Мақалада Сейітхан Әбілқасымұлының прозалық шығармалары, оның ішінде этнографиялық повесі тұтастай көркемдік-эстетикалық категория контекстінде сипатталады. Әдеби үдеріске еркін араласып, белсенділік танытқан жазушыныңшығармашылық танымы, дүниеге көзқарасы, ізденісі ғылыми тұрғыдан бағамдалып,жазушылық шеберлігі сөз болады. Жазушы шығармалары халықтық дәстүрімен, ұлттық мінезімен, ойлы толғамымен, ұлттық бояуының қанықтығымен дараланады.Аталған туындыда халқымыздың саятшылық ғұрпы ұлттық сана, салт-дәстүр аясында зерделеніп, мейлінше толымды көрініс табады. Қаламгердің көркемдік әлеміндегі«бүркітші», «құсбегі», «ақиық» ұғымдары арқылы ұлттық мінез бен қазақы ортаныбоямасыз бедерлеудегі суреткерлік қыры нақты талдаулар арқылы ашылып, фольклорлық сарын сілемдеріне бойламағандығы айқындалған. Автор қазақ халқының ұлттықболмысын ашуға барынша талпыныс жасайды. Жазушы Сейітхан Әбілқасымұлыныңповесінде табиғат көріністері қалай суреттеледі, пейзаж көркем шығармада қандай рөлатқарып тұр, адам мен табиғат арасындағы байланыс қалай көрініс табатындығы туралы мәселелер қарастырылады. Қалам иесінің рухани кеңістігі тарихи уақыттың кейбір оқиғаларын бағдарлауда біржақты шешім жасамай, өмірде болып өткен оқиғалардыңдұрыс, бұрыстығын сол уақыттың барлық болмысын қатыстыра отырып суреттейді.Әрі көркемдік шешім жасауда тарихи уақыт пен кеңістіктің ырқында қалып қоймайды. Өйткені, С. Әбілқасымұлының шығармашылық түйсігі, жаратылысқа ұмтылысы, көркемдік әлеміндегі эпикалық ерекшеліктер жалпы адамзаттық болмысқа қатыстылығымен дараланады. Қаламгер суреттеп отырған кейіпкерлердің болмыс-бітімдері,заманы дарытқан мінез-құлықтар, қаймағы бұзылмаған қазақы орта, сондай-ақ солдәуірдің көркемдік уақыты мен кеңістігі бүгінгі оқырман үшін өткен шақ оқиғаларығана емес, осы заманның да түйткілді мәселесін айшықтайтыны анықталды.