Қазақ және түрік тілдеріндегі мінез-құлықты сипаттайтын фразеологизмдер: функционалдық-параметрлік талдау

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-141-4-67-78
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі адамның мінез-құлқын сипаттайтын сапа семантикалы фразеологизмдер функционалдық-параметрлік аспектіде талданады. Фразеологизм семантикасын қалыптастыратын бір-бірімен өзара байланысты,тығыз қарым-қатынастағы семалардың үйлесімділігі туралы көзқарастар мен пікірлер интерпретацияланып, фразеологиялық мағына құрылымындағы компоненттер сараланады. Фразеологизм бойында тоғысатын аталым процесінің біріншілік және екіншілік деңгейлері арасын жалғайтын ассоциативтік параллельдер негізіндегі образдыңденотативтік, уәжділік компонентті айқындайтыны, бұл компоненттердің фразеологизмдердің тілдік таңба ретіндегі сипатын танытатыны тұжырымдалады. Фразеологизмдердің ішкі формасы – образ арқылы «жақсы-жаман» өлшемімен анықталатынбағалауыштық компонент, «құптау-құптамау» шкаласымен өлшенетін эмотивтіккомпонент, олардың мазмұнынан туындайтын стилистикалық компонент сипатталады. Адамның мінез-құлқын сипаттайтын фразеологизмдер мағынасында этикалықбағалау жататыны, көп жағдайда адамның жақсы мінезіне қарағанда жаман мінезі бағалатыны айтылады. Осыған орай «құптау-құптамау» шегінің арасында жек көрушілік,сөгу, менсінбеушілік, кекесін эмоциялары орын алатыны түйінделеді. Фразеологизмдержалпытүркілік ортақтықтар мен әр халықтың даралығын ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі лингвоиндикаторлар болғандықтан, талдау арқылы әр этностың дүниетанымы танылады. Нәтижеде фразеологиялық мағына құрылымындағы бағалауыштық,эмотивтілік және стилистикалық компоненттердің фразеологизмдердің прагматикалық әлеуетін күшейтіп, коммуникативтік функциясын, ал ұлттық-мәдени компоненттің фразеологизмдердің когнитивтік функциясын айқындайтыны тұжырымдалады.