Аңдатпа
Теонимдер қазақ тіл білімі үшін, шартты түрде алғанда, лексикологияныңжаңа бір нысаны болып саналады. Қазақ тілі сөздік құрамында бұлардың алар орыныерекше. Себебі бұларда, дінтану тұрғысынан алсақ, терминдік сипат; әдеби тіл тұрғысынан алсақ, пассивтік, кірмелік; стилистикалық тұрғыдан алсақ, ерекше тармаққұрайтын сипат; атауыштық тұрғыдан алсақ, жалқы-жалпылық сипат болады. Солсебепті зерттеудің алғашқы қадамында мұның сөздік құрамға енуін бақылау қажетболады. Бұл міндетті орындауға діни фольклор көп көмек көрсетеді. Сол себепті теонимдердің қолданылу кеңістігі ретінде діни дастандардағы тілдік айғақтар талдауғатартылады.Діни дастандар – халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алатын фольклорлық жанр. Қазақ діни эпостары Құранға қатысты, мұсылман қауымы, ислам жайлы мифтер менаңыздардан, Пайғамбар сүннеті мен хадистерден тұрады. Бұл жанрдағы дастандардыңтақырыптық ауқымы мұсылман батырлары жайлы баяндауды, Пайғамбардың қызметтерін, қасиетті соғысты да қамтиды. Барлық шығармалар белгілі бір мақсатқаарналады, яғни онда ислам діні дәріптеліп, насихатталады. Осы ретте діни шығармалартілін зерттеу өзекті деп есептейміз. Ал діни дастандардың тілін ерекше айрықшалайтын лексикалық топ – теонимдер. Теонимдерді қазақ діни фольклорында, әсіресе дінидастандарда көп кездестіруге болады.Мақалада діни дастандардағы теонимдер жинақталып, олар Құдай сөзімен мағыналассөздер, періште есімдері, пайғамбар есімдері және сахабалар есімдері болып бөлінеді. Әртоптағы теонимдерге діни дастандардан мысалдар алынып, жеке-жеке талдау жасалып,түсіндірмесі беріледі, этимологиясына барлау жасалады.