Топонимиялық зерттеулердің географиялық және картографиялық әдістері

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-139-2-100-111
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Топонимика – табиғи және адам қолымен жасалған нысан атаулары, ол қоғамның түрлі салаларында қолданылады. Соның ішінде география, картографиямен байланысы аса маңызды мәселелерді қамтиды. Картадағы жер-су атаулары тарихи дерек ретінде аса маңызды мәліметтер бере алады, сондықтан оны тек географиялық тұрғыдан ғана қарастырып қоймай, тарихи құжат ретіндегі мәнін ашу да - аса маңызды міндеттердің бірі. Әлемде түрлі карталар бар, олардың ең қарапайым түрлері-ертеректе қолмен түсірілген сұлбалық сызбалар. Сол замандардан бастап, мәліметтер базасын құру мен қазіргі ГАЖ (геоақпараттық жүйе) технологияларын қолдану дәрежесінде дейінгі аралықта дамып жетілген неше буын карталардың барлығы да географиялық нысандар мен топонимдерсіз болған емес. Демек, топонимикалық мәліметтер үшін карталардың көне жаңасы болмайды, керісінше жарық көрген уақыты бойынша жер-су атауларын тарихи дәуірлерге топтастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Осы мәселелерді ескере отырып, мақалада бірніші кезекте, негізгі мақсатқа сәйкес, география, картография салаларының топонимикамен сабақтасатын тұстарына назар аударылып, жер бетіндегі географиялық нысандар мен топонимдердің карта мазмұнындағы орны айқындалды. Архивтен алынған құжаттарға, нақтырақ айтқанда, сұлбалық сызба мен оған қатысты хаттама бойынша ол жерде кездесетін топонимдер мен географиялық терминдерге талдаулар жасалды. Негізгі талдаулар тақырыпқа сәйкес, картографиялық, географиялық және лигвистикалық әдістердің аясына топтастырылды. Географиялық тұрғыдан – ауыл шекарасы сызығының сипаттамасы жасалды, картографиялық тұрғыдар – сұлбалық сызбадағы атаулар мен сол елді мекендегі атаулар салыстырылды, лингвистикалық тұрғыдан – орыс тілінде толтырылған атаулардың транскрипциясы жасалып, түпнұсқа тұлғасы қалпына келтірілді. Зерттеу барысында карта бетіндегі лингвистикалық, географиялық, картографиялық және тарихи ақпараттар пайдаланыла отырып, кешенді зерттеу әдістері қолданылды