Аңдатпа
Мақал-мәтелдер семантикасын жан-жақты зерттеу халықтың тұтасболмысын танытатын маңызды мәселе. Мақалада қыпшақ тобына жататын қазақ,қырғыз, қарақалпақ мақал-мәтелдерінің тілдік жүйедегі семиологиялық табиғатысалыстырмалы тұрғыдан сараланады. Паремиалардың семантикалық өрісі мақал-мәтелдердің ішкі құрылымындағы паремиосемалардың көп деңгейлі көп функциялыкомпоненттерінің жиынтығы таңбалаушы және таңбаланушы белгілер арқылы қалыптасатыны нақтыланады. Күрделі тілдік таңба болып табылатын мақал-мәтелдер семантикасының өзек компоненті мен шеткері-жанама компоненттерінің шегіажыратылып, біртұтас паремиологиялық мағынаның ерекшеліктері анықталады.Мақал-мәтелдердің мазмұнындағы эксплицитті және имплицитті мағыналардыңтаңбалану ерекшеліктері айқындалады. Паремиялардың ішкі құрылымындағы таңбамен таңбаланушы ұғым арасындағы байланыс мақалды қолданушының мақсаты менжағдаятқа қатысты талданады. Біртұтас паремиологиялық мағынаның таңбалануымақалдың сыртқы құрылымындағы лексемалардың семантикалық өрісі негізінде (затпен зат, зат пен оның қасиеттері т.б.) жүзеге асатыны көрсетіледі. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні мен дәйектемелік-дәлелдемелік мәні әлеуметтік өмірдің, жалпықоғамның тұтас жүйесіне қатысты айқындалады. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ тілдерінде паремилогиялық параллельдердің өте жиі кездесуі, олардың күрделі лингвистикалықбірлік ретінде бірдей таңбалануы туыс халықтардың тұрмысы мен салт-дәстүрінің,өмірлік ұстанымдарының ортақтығы жалпы қыпшақтық дүниетаным тұрғысынансипатталады.