Оғыз тобы тілдеріндегі етістіктің шақтық категориясының салыстырмалы талдауы

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-141-4-8-23
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада түркі тілдерінің, соның ішінде заманауи оғыз тілдер тобына жататын түрік, әзірбайжан және түрікмен тілдерінің шақтық категориясын қарастырамыз. Мақсатымыз, шақтық категориясын салыстырмалы анализін жасауарқылы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтау болып табылады. Осы мақсатта аталған тілдердің грамматикалық дереккөздерін зерттей отырып, тілдердіңфункционалдық, терминдік және құрылымдық ерекшеліктерін анықтау міндеттеріқойылды. Қойылған зерттеу мақсат пен міндеттерді орындау үшін синхронды салыстырмалы, салғастырмалы-типологиялық және құрылымдық зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеуді талқылау барысында үш тілдің шақтық категория жүйелері сипатталып, олардың құрылымдық, синтаксистік, морфологиялық және семантикалықерекшеліктері анықталып, өзара салыстырылды.Зерттеу нәтижесінде, қарастырылып отырған түрік, әзірбайжан және түрікмен тілдері жалпы түркілік ортақ лингвистикалық ерекшеліктерге ие болғанымен етістіктіңшақтық категориясында өзіндік ерекшеліктер мен айырмашылықтар анықталып,жүйеленіп кестеде көрсетілді. Аталған үш тілдің табиғи құрылымына басқа тілдіктоптар мен мәдениеттердің ықпалымен байланысты кейбір айырмашылықтар байқалады. Ол айырмашылықтар көбіне үш оғыз тілдің шақ категорияларының құрылымдық жағына тиесілі. Түрік тілінде шақ категориялар жүйесі жұрнақтар негізінде қалыптасқандықтан 5 шақтан тұрады. Ал әзірбайжан тілі түрік тіліне қатты ұқсасболғанымен, дәстүрлі 3 шақ жүйесімен шектелген және жұрнақтардың 3 шақ жүйесіндеқұрылымдық маңызы жоқ. Түрікмен тілі түрік және әзірбайжан тілдерінен кейбір белгілері бойынша алшақтау болғанымен, шақ категориялары жүйелілік жағынан әзірбайжан тілімен ұқсас. Түрік тілінің шақ категориясы дескриптивті, ал әзірбайжан жәнетүрікмен тілдерінде прескриптивті әдістерімен жасалынды.