Қазақ тіліндегі пандемия лексикасы

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-142-1-25-41
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазақ тіліндегі Covid-19 лексикасы туралы зерттеудің нәтижелерімен бөліседі. Бұл зерттеудің мақсаты пандемияның тілге әсерін және пандемия лексикасының қазақ тіліндегі көрінісін анықтау болып табылады. Зерттеуде пандемия лексикасына лингвистикалық тұрғыдан сипттама берілді және коронавирустың Covid-19 түріне арналған арнайы лингвистикалық корпустарға шолу жасалды. Қазақ тілді деректер негізінде пандемияға қатысты сөздер мен сөз тіркесімдері айқындалды және олардың қолданылу жиіліктері анықталды. Пандемия лексикасынан 2020 жылдың алғашқы төрт айында жұмсалған қолданылу жиілігі жоғары сөздер белгіленіп, әрқайсысына лингвистикалық сипаттама беріледі. Зерттеу корпусқа негізделген талдау әдісімен жүргізілді. Зерттеудің деректері республикалық «Егемен Қазақстан» газетінен жиналды. Covid-19 пандемиясына қатысты деректерді талдау үшін NVivo бағдарламалық жасақтамасы қолданылып, соның көмегімен қазақ тіліндегі пандемияға қатысты сөздер мен сөз тіркесімдерінің қолданылу жиіліктері есептелді. Бұл зерттеудің нәтижелері пандемия лексикасындағы терминдердің басым көпшілігі тілде бұрыннан бар сөздер екенін, дегенмен олардың пандемия кезінде жаңаша мәнге ие болғанын және қолданылу жиілігі артқанын көрсетті. Пандемия лексикасындағы бірқатар сөздер бұрын кең мағынасында жалпы қолданылып келсе, ауру жайлаған кезде нақты пандемияға қатысты жұмсалысы артқан. Сондай-ақ бірқатар терминдер ғылымның белгілі бір саласында ғана қолданылып келсе, 2020 жылдан олардың қолданысы жалпыхалықтық сипат алды. Пандемия лексикасына талдаудың нәтижелері 2020 жылдың алғашқы төрт айында қолданылу жиілігі жоғары сөздер короновирус, індет, карантин, вирус, пандемия және Covid-19 болғанын көрсетті.