Қазақ, қытай тілдеріндегі эмотивті фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан талдау

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-143-2-19-26
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әр халықтың тілінде ұлттық колоритті білдіретін сөз тіркестері болады.Фразеологизмдерде ұлттық мәдениеттің, тарихтың ақпараты сақталады. Қазақ,қытай фразеологизмдері өзіндік мәдени айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Бұл өзкезегінде қазақ, қытай тілдерінің фразеологизмдерін түсінуде кедергі тудырады.Бұл мақалада қазақ және қытай халықтарының тілі мен мәдениеті ескеріле отырып,лингвомәдениеттану ғылымының тұрғысынан адамның эмоциясын білдіретінфразеологизмдердің қолдану ерекшелігі қарастырылады. Сондай-ақ, қазақ, қытайфразеологизмдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланып, екі халықтыңмәдени ерекшеліктері талқыланған.Мақалада жүргізілген зерттеудің талдау нәтижелері ұсынылып, фразеологизмдердіңқалыптасуына тарихи, әлеуметтік және мәдени оқиғалар мен құбылыстардың әсерету нәтижесі көрсетілген.Бүгінгі таңда салыстырмалы фразеология жан-жақты қарастырылып, теориялықжәне практикалық қолданбалы жақтары терең зерттеліп келеді. Сондай-ақ,фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан қарастыру әр халықтың ұлттықерекшелігін тануда маңызды орынға ие.Фразеологизмдерді түсіну халықтың мәдени коннотациясымен тығыз байланысты.Аталмышмақала қытайтілін үйренушілерге қазақ, қытай фразеологизмдерінің мәдениконнотациясын түсінуге, сондай-ақ, олардың коммуникациялық машығын жетілдіругекөмектеседі. Екі тілдегі фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан зерттеу тілүйренушілеріне фразеологизмдерді орынды пайдалануға, мәдениетаралық коммуникациябарысындағы түсініспеушілікті жоюға көмектеседі, тіл үйрену барысында көптегенкедергілердің алдын алуға септігін тигізеді. Мақала материалдары лингвистика ментілдерді зерттейтін оқытушылар мен студенттер үшін практикалық құндылығыбар. Бұл мақалада жалпы саны 100 эмотивті фразеологизмдер іріктелді, оның ішіндеқазақ тілінде -60, қытай тілінде-40.