Ұлы Жібек жолы бойындағы топонимдерді кешенді зерттеудің негізгі бағыттары

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-144-3-46-60
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи топонимияны зерттеу бағыттарына арналған. Топонимия жалқы есімдердің құрамына жататындықтан, тіл білімінің нысаны болып саналғанмен, онымен шектесетін ғылым салаларының да өзіндік орны үлкен. Топонимдерді тіл білімінің нысаны тұрғысынан зерттегенде құрылымдық жүйесі, этимологиялық негіздері, шығу уәждері т.б. лингвистикалық ерекшелігіне назар аударылады, алайда бұлай болғанда белгілі бір атаумен аталып тұрған нысанның пайда болу дәуірі, мағынасындағы тарихи мәліметтер және географиялық нысанның сипаты, тұрған орны, өзге нысандармен арақатынасы т.б. секілді мағынамен бірге қамтылып тұратын ақпараттар назардан тыс қалады. Осы мәселелер ескеріле отырып, мақалада кешенді зерттеу әдістері басшылыққа алынды. Лингвистикалық, тарихи, географиялық зерттеу бағыттары кешенді зерттеудің компоненттері ретінде қарастырылды, өйткені топонимика осы үш саланың тоғысатын жерінде пайда болған ғылым. Топонимдердің табиғатындағы осы ерекшелік ескеріле отырып, Жібек жолы бойындағы тарихи топонимдер тарихи-лингвистикалық, лингво-географиялық және лингвистикалық тұрғыдан қарастырылды. Мақалада та лдауға алынған топонимдер архив құжаттары мен халық қолданысында ауызша жеткен деректерден алынды.