Аңдатпа
Мақалада постмодернистік әдебиеттегі симулякр категориясының шығутегі, қалыптасуы және зерттелуі қарастырылады.«Симулякр» ұғымының дамуы антикалық кезеңде бастау алып, постмодернизмдәуірінде философ Ж.Батайдың негіздеуімен ғылыми айналымға енген. Термингеқатысты алғашқы ой-тұжырымдар грек ойшылдары Платонның, Эпикурдыңтрактаттары негізінде талданады. Антикалық кезең философиясында симулякрзаттың көшірмесі, репрезентациясы түрінде сипатталады. Кейіннен французғалымдары Ж.Батайдың, Ж.Делездің, Ж.Бодрийярдың зерттеу еңбектеріндесимулякр жаңа қырынан талданып, қазіргі заманғы философиялық, әлеуметтіксаяси жағдайды сипаттаудың кең контекстінде беріледі. Ж.Бодрийяр ұсынған«Симуляциялар мен симулякрлар» теориясы бойынша симулякрдың қоғамдағы,өнердегі, әдебиеттегі көрінісі мен қызметі талданады. Ресей ғалымдары М.Эпштейн,Н.Маньковская және О.Бычкованың симулякрлар теориясына қатысты ойтұжырымдары зерделенеді. Орыс әдебиеттанушысы М.Эпштейннің мақалаларыбойынша Кеңестік кезең идеяологиясының симулякрлар теориясымен өзара байланысықарастырылады. Философ, постмодернизмге қатысты бірқатар еңбектердің авторыН.Маньковскаяның зерттеу жұмыстарындағы симуляциялық қатынастардың дамусатылары жайлы пікірлері пайымдалады. Ғалым О.Бычкованың орыс әдебиетіндегісимулякрдың көркем мәтіндегі қызметі мен орнына қатысты тұжырымдарыталданады. Симулякрдың қазақ прозасындағы қолданысы әдебиеттанушы, PhDГ.Сәулембектің зерттеу еңбегі негізінде қарастырылады.