Сарыарқа қазақтары фольклорлық мұрасының тәрбиелік мәні

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-143-2-101-114
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Сарыарқа қазақтарының рухани мұрасы оның ішіндеғасырлар бойы атадан-балаға ауызша таралған фольклорлық мұраларының жиналу,сақталу, зерттелу мәселелеріне және осы құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіне рөліқарастырылады. Сарыарқаны мекен еткен қазақтардың рухани мұрасы туралы әркезеңдегі жүргізілген ғылыми-зерттеу экспецидяиаларға шолу жасай отырып, қазақдаласын оның ішінде Сарыарқа даласын аралаған шетел саяхатшылары мен отандықғалымдарымыздың халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен этнографиялық жағдайынанмәлімет берген еңбектерінде, Сарыарқа өңіріндегі қазақтардың фольклорлықмұраларының озық үлгілерімен қоса (жоқтау, сыңсу, жарапазан, қара өлең, жұмбақ,жаңылтпаштар және т.б.) классик халық композиторлардың шығармалары,орындауышылық өнердің әртүрлі жанрларын ел арасынан жинап зерттегені анықкөрінеді. Ұлттық сипатқа ие Арқа қазақтарының фольклорлық мұралары аймақтық,этникалық қоныстану ерекшелігіне байланысты өзіндік сипатқа ие екені анық.Сондай-ақ еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, шетелден қандастарымыз көшіп келіпҚарағанды облысының елді-мекендеріне көптеп қоныстанды. Сол келген қандастарменбірге қазіргі жас ұрпақтың санасынан өшкіндеп бара жатқан, қазақтың әдет-ғұрыпсалт-дәстүріне, орындаушылық өнері мен этнографиялық құндылықтарыныңнышаны болған көптеген мұралар келді. Мақаланың ғылыми талдау бөлігінде,Сарыарқа өңірін мекендеген байырғы қазақтардың фольклорлық мұраларыныңүлгілері, қандастармен бірге келген құндылықтармен салыстырмалы қарасырылып,аймақтық-орындаушылыққа тән ортақ ерекшеліктері, ұлттық рухани тұтастықтұрғысынан тұжырымдалады. Мақалада берілген «қара өлең», «жарапазан», «жоқтау»,«жұмбақ», «жаңылтпаш» сияқты фольклорлық мұралар туралы құнды деректер,Сарыарқа қазақтарына жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедиция барысында жиналғантың материалдар негізінде сұрыпталды.