Аңдатпа
Осы мақалада қазақтың аса көрнекті ғалымы А. Байтұрсынұлының«Әдебиеттанытқыш» еңбегінде ауыз әдебиетін саралауға байланысты қолданғанғылыми ұстанымдары, өзінен кейінгі кеңестік және бүгінгі фольклортануғылымындағы ұстанымдар тұрғысынан пайымдауға қадам жасалды. Зерттеубарысында А. Байтұрсынұлының ауыз әдебиетіне байланысты пікірлері өззаманындағы теориялық ұстанымдарының ықпалы болғаны анықталды.Зерттеу әдісі ретінде тарихи-салыстырмалы және герменевтикалық әдістерқолданылды. Сонымен қатар, зерттеу барысында оның ғылыми парадигмасымен ұстанымдарына байланысты туындаған мәселелер анықталып, оның дінифакторға байланысты екеніне көрсетілді. Ауыз әдебиетіндегі жекелеген жанрларбойынша тиісті салыстырулар жасалып, Алаш, кеңестік және тәуелсіздік кезеңдерарасындағы көзқарастарға байланысты сабақтастықтар анықталды. Тарихи жәнезамана ағымына байланысты әдебиеттану мен фольклорда орын алған ғылымикөзқарастардың өзгеруіне байланысты А. Байтұрсынұлы ауыз әдебиетіне жатқызғанжанрларға байланысты өзгерістер болғаны айқындалды. Осы пайымдауларғабайланысты тиісті қортындылар мен тұжырымдар жасалды.