Аңдатпа
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімінде арнайы сөз болып, жеке өз алдынақарастырылып жатқан уақыты қазақ мемлекетінің өз алдына тәуелсіздік алып,қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан заң құжаттарыныңтілін зерттеу, олардың ерекшеліктерін танытудың, ең алдымен, заң шығару үшін демаңызы өте зор. Заң шығарушы мемлекеттік органның заң құжаттарының тілдікқұрылымын сақтап, олардың ішінде басы артық сөз кетіп қалмауын қатаң қадағалаубасты назарда болу тиіс.Мақаланың мақсаты мен міндеті – заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынанзерттелуін қарастыру, заң мәтіндерінің жалпы құрылымының теориялық жәнеәдістемелік негіздерін анықтау, аудармадағы баламалық мәселелерді талқылау болыптабылады. Мақала жазу барысында ресми іс-қағаздар стилінің барлық талаптары заңмәтінінен толықтай табылып, заң құрылымындағы ақпараттық, прагматикалық,танымдық қызмет талданып көрсетілді. Бұл мақаланың негізгі ғылыми жаңалығы.Бұл мақаланың теориялық және практикалық маңызы бар, себебі ұсынылғантұжырымдама заң бағытында оқитын білім алушылар үшін құнды ақпарат.Мамандықты толық меңгеру үшін арнайы ұғымдар, яғни терминдер деп аталатынлексикалық бірліктерді білу және дұрыс қолдану қажет екенін тағы бір рет атап өтуқажет.Құқық терминологиясы мысалында қарастырылған салалық терминологиянызерттеудің жүйелі тәсілі оқыту процесін оңтайландыруға алып келеді. Терминдердіңлексикалық және ұғымдық сәйкестігі, олардың өзара байланысуы мен бір-бірінетәуелділігі терминологияны арнайы ұғымдар жүйесінің өзіндік тілдік негізі ретіндеқызмет ететін тұтас терминологиялық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндікбереді. Бұл өз кезегінде ғылыми білімнің жүйелілігін көрсетеді.