Аңдатпа
Мақалада «қазақ поэзиясының падишасы» атанған Фариза Оңғарсынованың жырәлемі ғылыми тұрғыда талданады. Фариза өлеңдеріндегі ұлттық идея, ұлттық ойлау сөзболады. Ақын өлеңдеріндегі ұлттық идеяның астарын айқындау мақсатында оныңМаңғыстау туралы, сондай-ақ адам мен табиғат үндестігін және Дала, Қыр, тағы басқа датақырыптарды жырлаған туындылары қарастырылады. Ақын поэзиясына объективтітұрғыда баға беріліп, ақын шығармашылығындағы пейзаж, дала бейнесінің көрінісіашылады. Ақынның өзіне тән дара қолтаңбасын пайымдау оның шығармашылықболмысын саралаудың бір арнасы болып табылады. Фариза Оңғарсынованың қаламгерлікерекшелігін барлау аркылы акындық шеберлігі байыпталады. Ақынның суреткерлікдаралығы, идеялық-тақырыптық нысанасы, ұлттық көркемдік дәстүрге қосқан үлесі,шығармаларының қазіргі қазақ поэзиясында алатын тиісті орны мен бейнелілік сипатызерделенеді.