Ауған соғысы тақырыбындағы шығармалардың поэтикалық сипаты

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2021-137-4-120-135
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Адамзат тарихындағы маңызды оқиғалардың әдебиет пен көркем публицистикада орын алып, көркемдік-тарихи тұрғыдан суреттелуі, жеке қаһарман тұлға образдарының жасалуы өнер заңдылығы болып саналады.КСРО тарихындағы сондай оқиға - 10 жылға созылған Ауған соғысы (1979-1989). Алыпимперия әскерін Ауғанстан территориясына енгізіп, елдің 21 провинциясында ұрыс операцияларын жүргізді. Бұл ұрыстарға Қазақстаннан әскер қатарына шақырылғандар дақатысты. 27 жастағы Бақытжан Ертаевтың батальоны тау-шатқалды Кунар өзенініңбойында, «қара майор» атанған Борис Керімбаевтың батальоны «Паншер» алқабындабатыл ұрыс оперцияларын жүргізді. Соғыс шығынсыз болмайды. Бейбіт заманда көптеген шаңырақ қайғы-қасірет шекті. Қазақстаннан бұл соғысқа 22 мың адам қатысса,олардың 1000-ға жуығы соғыс құрбаны болды, 20 адам із-түзсіз жоғалды [1].Қаһармандық пен қасірет өмірде де, өнерде де ізін қалдырады. Ауғанстан шайқастары жөніндегі хабар кезінде халыққа ашық жетпеді. Шындықтың халыққа жетебастауы соғыстың аяқталуымен, соғысқа қатысушылардың елге аман-есен оралуыменбайланысты болды.Алғашқы ретте естеліктер, әр алуан сипаттағы мақалалар мен сұхбаттар, очерктер,арнау өлеңдер, соғыс лирикалары жазылды. «Боздақтар» кітабы шығарылды. Естеліктерұлғая келе көркем публицистикаға ұласты. Ауған соғысы тақырыбын өз шығармаларына негіз етіп алған қазақ қаламгерлері көбейе бастады. Сан алуан жанрда кітаптаршыға бастады. Ауған соғысына қатысушы адам тағдыры ауыр да бұралаң бейне ретіндекөркем шығарма кейіпкерлеріне айналды.Қалай дегенде де, әдебиетте де, публицистика да Ауған соғысы тақырыбына қатыстыәдеби, публицистикалық үдеріс бар. Ұлттық әскери проза мен әскери әдебиеттің өзгежанрларының дамуында бұл соғыстың орны ерекше болды. Өйткені ұрпақ басынан өткен соғыс жағдайы мен оның елге әкелген қайғы-қасіреті әдебиетке, көркем публицистикаға өз тақырыбын ұсынуы өмір, өнер заңдылығы болып табылады. Әр алуан жанрдағытуындылардың жазылуы әдебиет тарихында да бұл тақырыптың зерттелуі өзектімәселе болып саналады.