Балаларға арналған фольклорлық шығармаларды игерту жолдары

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2021-137-4-161-169
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада балаларға арналған фольклор шығармаларынмектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сəйкес өзіндік қиял-армандарын, талаптарын,ой-пікірлерін, айналадағы құбылысты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, сезіну мүмкіндіктерін қалыптастыруға болатыны және соны жүзеге асырудың жолдарын туралыбаяндалады. Балалар фольклоры мұраларын жинақтап, ата-бабамыздың ұрпағына қалдырған рухани азығын сіңіріп, оның шығу тарихын игеру, ғылыми тұрғыда талдау жасау, тәжірибе жүргізу елеулі еңбектің нәтижесін көрсетеді. Балаларға арналған фольклортуындылары олардың қызыға да сүйсіне тыңдайтын, шығармашылық қасиеттерін арттыратын, логикалық ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытатын құнды жанр екеніанық. Бала психологиясының даму ерекшеліктеріне сəйкес жазылған мазмұнды шығармалардың барлығы дерлік олардың танымдық қабілеттерінің дамуына, сөздік қорыныңмолаюына септігін тигізіп, ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттырады. Ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлының еңбектерінде балаларға арналған ертегілер, мақал-мəтелдер,өсиет сөздер мен қисса-дастандар бүгінгі жасөспірімдерді халық педагогикасының қағидалары негізінде тəрбиелеуде, мəдени мұрамыздың құнды қазыналарын бір жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда негіздеуде аса құнды құрал екендігі баяндалады. Халық мұрасының бастауы ретінде фольклорлық шығармалар баланың өмірге келген күнінен бастаптікелей тәрбиеге бағытталған оңтайлы тәрбие құралдарының бірі ретінде маңыздыорын алады. Мақалада көтерілген мәселе өзектілігі мен маңыздылығын жоймайды, қайта жаңарып, жаңғырып, бала тәрбиесіндегі отбасының, ата-ананың, халықтың, жалпықоғамның білімі мен біліктілігін арттырады. Балалар фольклоры сәбидің санасына есбіле бастаған күннен бастап анасының әлдиімен сіңіп, жасы өскен сайын байиды.