Жаңа қазақ әліпбиі: әлеуметтік лингвистикалық мәселелері, оларды шешу жолдары

2018

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2018-123-2-8-14
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада автор тіл саясаты, оның нысаны мен мақсаты туралы айта келіп: «адамдартілден нені өзгерткісі келеді, тілдің өзіндік жүйесі мен құрылымына, дамуына қалай әсер ете алады, олқаншалықты мүмкін, мұндай тіл саясатын кім жоспарлайды және кім жүргізеді?» деген сұрақтарға жауап береді. Көптеген елдерде тіл саясатын жоспарлайтын негізгі субьекті деп әр алуан мемлекеттік жәнемемлекеттік емес органдар мен институттарды атайды. Олар тілдің нормативті-стилистикалық жүйесінжасау, терминологиясын қалыптастыру мен дамыту және әліпби мен оның емлесін жасау, жетілдірумәселелерімен айналысады. Осылардың ішінде әліпби - жазба тілді қатыптастырудағы саналы әрекеттердің бірі, тіл саясатының басты нысаны екендігіне арнайы тоқталады.Мақала авторы қай қоғамда, қай елде болмасын әліпби жасау немесе оны ауыстру – бұл жалпыхалықтық, оның ішінде ұлттық мәселе екендігін айта келе, ол - саяси, мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, әлеуметтік, экономикалық т.б. жақтан ойланып, толғанып шешетін маңызды әрі күрделі проблема дейді. Оның себептерін санамалап түсіндіреді. Әліпби ауыстырудың қажеттілігі, латын әліпбиін таңдаусебебі, ұсынылған әліпби жобалары туралы талдамалық-сараптамалық ойлар ортаға салынады.