«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы діни мотивтер

2018

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2018-123-2-15-20
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақ фольклорында ауыз әдебиетінің қандай туындысы болмасын белгілі бірдеңгейде діни наным-сенімдермен байланысып жататындығы белгілі. Оның өзі сандаған ғасырларбойына халықтың ұлттық дәстүрімен үндесіп, арнайы қолданысқа айналған ислам дінінің қағидаларына тікелей қатысты. Діни мотивтердің көркем туындылардағы көрінісі шығарманың тартымдылығын, әсерлілігін арттырып тұратындығы ақиқат.Діни мотивтердің аясында иман келтіру, жаратушыға жалбарыну, жаратушыдан бала тілеу,ғайыптан хабар алу, ғажайып туу, құдіретті істер және тағы басқалары жатады. Бұлардың барлығыбір ғана шығарманың бойынан кездеседі деп кесіп айтуға болмайды. Дегенмен, жаратушыға жалбарыну, бала тілеу тәрізді тағы басқа мотивтердің жиі ұшырасатындығын жоққа шығара алмаймыз.Бір ғана жалбарыну мотивінің өзінде сан-салалы қолданыстың жатқандығын аңғарамыз. Кейбіршығармаларда қорқынышты құбылыстардан құтқару үшін жалбарынса, енді бірінде жеңіске жетуүшін немесе көзделген мақсатқа жету үшін жалбарынулар болады. Бұл мақалада осындай мотивтерді басшылыққа ала отырып, олардың маңызы мен көркем әдебиетте алатын орнын айқындауғаайрықша көңіл бөлінген.