Айжарық Сәдібекұлы публицистикасындағы экология тақырыбының өзектілігі

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2022-139-2-28-34
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада публицист-жазушы Айжарық Сәдібекұлы шығармашылығының ұлттық публицистикадағы қолтаңбасы сөз болады. Сыр өңірі журналистикасында еңбек еткен публицистің шығармаларына тақырыптық, мазмұндық жағынан нақты мысалдар арқылы талдау жасалады.Бүгінгі таңда бүкіл адамзатты экологиялық ахуалдың алаңдатып отырғаны баршамызға мәлім. Арал тағдыры, Байқоңыр зардабы күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда автор қаламгердің экология тақырыбында жазған мақалаларына ерекше назар аударған. Ресей мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы Байқоңырға байланысты қарым-қатынастың күнгей және көлеңкелі тұстары мен туған жер тағдырына алаңдаған публицистің пайымына мән берілген. Ғылыми-зерттеулерді негізге алған,дерек пен дәйекке құрылған жарияланымдардың маңызына тоқталған. А.Сәдібекұлының қаламгерлік қабілеті болашақ журналистерге шеберлік үлгісі ретіндекөрсетілген.