Экологиялық мәдениет ұлттық сананы қалыптастырушы факторы ретінде

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2022-139-2-62-70
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Адам баласының тіршілікте өмір сүруі үшін жасаған әрекеті қоршаған ортамен тікелей байланысты болды. Мақала әлемді алаңдатып отырған қоршаған орта туралы мәселені қозғайды. Экологияның адам тағдырына әсері және оның баспасөз бетінде жариялануы туралы қысқаша шолу жасалады. Басылым бетінде көтерілген ортақ экология мәселелері топтастырыла жүйеленіп, өзара қазіргі мерзімді баспасөзбен салыстырыла сараланады. Соның нәтижесінде баспасөз материалдарының қоршаған ортаны жақсартудағы ықпалы қарастырылады. ХХ ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз бен қазіргі баспасөздің қозғаған ортақ экология мәселесі және ол тақырыптың әлі де маңызын жоймағандығы туралы жан-жақты зерттеу жасалды.