Аңдатпа
Зымыран тасығыштың жаңа түрін зерттеу «Байқоңыр» ғарыш айлағының аумағында Қазақстанның зымыран-ғарыш саласын дамытудың маңызды және өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мақалада пайдалы жүктемені 7,6 тоннаға дейін шығаруға арналған үш сатылы орта деңгейлі зымыран тасығыштың оңтайлы массалық сипаттамаларын таңдау қарастырылған. Алғаш рет сұйытылған табиғи газ - сұйық оттегі отынымен жұмыс істейтін отынның массалары, сонымен қатар зымыран тасығыштың оңтайлы бастапқы массасы және оның геометриялық сипаттамалары анықталды. Бұл мақаланың негізгі мақсаты - отынның жаңа түрін пайдалану кезінде зымыран тасығыштың массалық сипаттамаларын зерттеу және оның негізінде зымыран блоктарының аралас қосылыстары бар зымыран тасығыштың жаңа түрін жобалау. Мақала үш негізгі бөліктен тұрады: берілген ұшу сипаттамалары бойынша зымыран тасығыштың қажетті сипаттамалық жылдамдығын анықтау; оңтайлы сипаттамалары Mathcad бағдарламасының көмегімен зымыран блоктарының массасының пайдалы жүктеме массасына қатынасын есептеу; зымыран тасығыштың массалық-геометриялық параметрлерді анықталды. Алынған нәтежелер бойынша басқа зымыран-тасығыштармен массалық көрсеткіштері бойынша (отын мен зымыран-тасығыштың старт массасы) алғаш рет салыстырылған.