Аңдатпа
Бұл мақалада мазмұны күрделі инженерлік есептерді шешуде арнайы бағдарламалы Мathcad кешенін колдану жолдары қарастырылған. Инженерлік сипаттағы міндеттерді шешу үшін қазіргі уақытта қуатты компьютерлік пакеттердің пайда болуымен байланысты көптеген өзгерістердің төртінші кезеңі өтіп жатыр; атап айтсақ Mathcad, Mathematica, Mathlab, Derive, Theorist және т.б. Бұл өзгерістердің алғашқы үш кезеңі өз уақытында сәйкесінше санау тақтасының, бухгалтерлік есеп шоттарының және микрокалькулятордың пайда болуымен белгіленгені белгілі. Сондықтан инженерлік сипаттағы мәселелерді шешудің дәстүрлі әдістерін синтездеу үшін оқу процесінде заманауи ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданылады. Математикалық бағдарламалаудың көптеген оңтайландырылған инженерлік міндеттерін Microsoft Office пакетіне кіретін Excel кестелік процессоры арқылы шешуге болады. Жаңа жабдықты әзірлеу кезінде немесе бұрыннан келе жатқан жабдықты жаңарту кезінде белгілі бір есептеулер міндетті түрде орындалады: оларға технологиялық, беріктік, экономикалық және т.б. бұл жағдайда осы жабдықтың жұмысын математикалық модельдеудің толықтығын анықтау міндеті алға қойылады. Сонымен қатар, есептеу деп объектінің немесе процестің қарастырылып отырған параметрінің сандық бағасын белгілеу және алынған нәтижені талдау әрекеті түсініледі. Есептеу арқылы қатты дененің негізгі параметрлерін, объектінің белгілі бір сипаттамасының немесе өлшемінің сандық мәні анықталып, зерделенді. Мақалада есептеу жүргізу арқылы мына мәселелелер: параметрдің мәні, біліктің диаметрі, беріліс, беріктік, бөліктің жүктемеге төтеп бере алуы қарастырылды.