Аңдатпа
Битум-қиыршықтас таратқыштар (БҚТ) – автожолдардың жөнделетін учаскелерін беттік өңдеуге арналған негізгі мамандандырылған жол машиналары болып табылады. БҚТ-ты пайдалану тәжірибесі қолданыстағы машиналар құрылымдарының, олардың негізгі функционалды тораптарының, тұтқыр және қиыршық тасты төгіп-тарату сияқты агрегаттарының жетілмегендігін көрсетті. Бұл жағдайда битум-қиыршықтас тарату процесін автоматты басқару жүйелерімен (АБЖ) БҚТ-ды қайта жабдықтау өзекті болып табылады. Берілген жұмыста БҚТ-ты компоненттерді синхронды түрде төгіп-үлестіретін автоматты басқару объектісі ретінде ұсыну негізделеді. Сонымен қатар автормен жаңа техникалық шешім ретінде жол жабындарын жөндеуге және қалпына келтіруге арналған қиыршық тасты таратудың автоматты жүйесі ұсынылады.