Аңдатпа
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары деңгейі жекелеген кәсіпорындар мен экономика салаларының тұрақты өсуі есебінен қамтамасыз етіледі. Соңғы уақытта әуе көлігі кәсіпорындарының жұмыс істеу тиімділігін арттыру ерекше өзекті болып отыр. Мақалада әуежайлардың жердегі әуе көлігі инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ олардың авиакөлік қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілік деңгейіне әсер ететін басқа да факторларға қатысты Қазақстан әуежайларын дамытудың негізгі проблемалық аспектілері баяндалған. Әуежайларды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ әуежайға қызмет көрсетудің әлемдік саласын дамытуды айқындайтын негізгі бағыттар қаралды. Отандық әуежай кәсіпорындарын одан әрі дамытудың тән белгілері ұсынылған.