ЭНЕРГИЯМЕН ҚАМДАУ СҰЛБАЛАРЫНДА КРИОГЕНДІК ЖИНАҚТАУЫШТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-128-5-493-503
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл берілген мақалада жалпылай алғанда энергоресурстарды тиімді пайдалану, яғни энергетикалық тиімділік пен энергия үнемдеу мәселелері қарастырылып, жаңғыртылған энергия көздерін (әрі қарай ЖЭК) пайдалана отырып, криогенді жинақтауыштарды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады. Қазіргі таңда әлемде энергетикада саласындағы өзгерістер тұтынушылардың әртүрлі және көбінесе тұрақты емес жүктемелерге бейімделуін ескере отырып, жаңа экологиялық және тиімділігі жоғары технологияларды дамыту өзекті болып отыр және заман талап етеді. ЖЭС жылу электр станцияларының қоршаған ортаға әсері пайдаланылған отынға байланысты екенін ескере отырып, алайда, өнеркәсіптік қуаттардың құрылымында Қазақстанда көмірмен жұмыс істейтін стансалардың саны көп, сонымен қатар электр желілерінің кестесін бұзудың айқын проблемалары бар. Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшуіне байланысты 2060 жылға қарай энергияның баламалы түрлерінде жұмыс істейтін электр станцияларының жаңа типтерін әзірлеу өзекті болып табылады. Күрт континенттік жүктемелерді ескере отырып, электр және жылу кестелерінің біркелкілігін арттыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жағдайда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тиімділігі жоғары және сенімді жүйе құру мүмкіндігін едәуір қиындатады. Өзекті және тиімді шешімдердің бірі жылу және электр энергиясын тұтыну кестелерінің біркелкі еместігін тегістеуге мүмкіндік беретін әртүрлі энергия жинақтауыштарын пайдалану болып табылады. Осының арқасында сығылған ауаны сақтау жүйесін пайдалану тиімді шешім болып табылады. Бұл мақалада Aspen HYSYS математикалық модельдеу дәстүрлі жылу электр станцияларының жылу және электр жүктемесін және күрт континенттік климатты ескере отырып, сұйық ауаны сақтаудың жаңа жүйелерін пайдалана отырып зерттеулер жүргізілді жайында айтылады. Талдау көрсеткендей, LAES жүйесін пайдалану (криогендік жүйелер) тұтынушылардың жүктемелер кестесін біркелкі реттеу үшін тамаша шешім болуы мүмкін. Бұл ретте математикалық модельдеу барысында жинақтауыштардың жылу және электр қуатын беруде генерацияның барлық сұлбасын оңтайландырудың тиісті процесі жақсы жүретіндігін көрсетті. Модельдеу нәтижелері бойынша жинақтауыштар ретінде криогендік жүйелерді тиімді пайдаланудың негізгі шекараларын айқындайтын реперлік нүктелер алынды, сондай-ақ электр станциялары мен ЖЭК объектілері жұмысының жіті келісу қажеттілігін тағы да атап өтетін тәуелділіктер алынды, олардың құрамдастырылған сұлбаларында медиатор және тұрақтандырушы элементтер энергия жинақтауыштар болып табылады. Модельдеу тәжірибесі көрсеткендей, жинақтауыштар түрінің технологиялық ерекшеліктерін және олардың бірлі-жарым қуатын қалпына кеттіру мүмкіндіктерін ескере отырып, энергия жинақтау жүйелерінің ең жоғары ПӘК алу мақсатында жалпы сұлбаны оңтайландыру процесі неғұрлым маңызды мәселе болып табылады. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде жүктемелерді оңтайландыру, біркелкі реттеуге келетінде математикалық модельдеудің арқасында криогенді жинақтауыштарды пайдаланып, қазіргі болып жатқан мәселелердің шешу жолдары табылды.