Аңдатпа
Ұшқышсыз ұшатын аппараттары ғылымда, бизнесте, әскери салада, тіпті жеке oйын-сауық үшін де әртүрлі тапсырмаларды орындап, адамдарға қарқынды қызмет етуде. Онымен қоса, олар инфрақұрылымды нысанаға алу, жақын маңдағы тұрғындарды мазалау және әуе көлігіне кедергі жасау сияқты зиянды мақсаттар үшін де жиі қолданылуда. Ұшқышсыз ұшу аппаратының шағын габаритті өлшемі оны анықтауды қиынға соқтырып, проблема туғызады. Көптеген дәстүрлі әдістер мен технологиялар бұл тапсырманы шешуге дұрыс сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл жұмыс ұшқышсыз ұшу аппаратын анықтау үшін жарықты және қашықтықты анықтау (LiDAR) сенсорын пайдаланудың техникалық-экономикалық бағалауын сипаттайды. VL53L0x лазерлік қашықтық өлшегіштің ұшу уақыты (ToF) сенсорлық модулі жоғары дәлдіктегі қашықтықты өлшеу үшін пайдаланылды. Нәтижелер LiDAR сенсорларын пайдалану кезінде жұмыс ауқымы нысанды анықтау жылдамдығына айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. Атап айтқанда, нысан мен сенсор арасындағы қашықтық 30 м-ден асқанда анықтау жылдамдығы күрт төмендейді.