Коучинг пен менторингтің әдебиетті оқытуда қалыптасуы мен дамуы

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023ph3/101-113
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта білім берудегі коучинг пен менторинг бүкіл әлемде кең қолданысқа ие. Кеңестік кезеңнен қолданылып келе жатқан жас мамандарға білікті мұғалімдердің тәлімгерлік жасауы отандық білім беру саласында коучинг пен менторинг бұрыннан бар түсініктер деген пікірге әкеледі. Мақала осы тарихи фактор және коучинг пен менторингтің қазіргі кезде қолданылуын салыстыра, салғастыра отырып талдауға негізделген. Бұл шолу мақалада коучинг пен менторинг әдістерінің шығу тегі, оның білім беру саласына келу тарихы баяндалған. Соның ішінде, негізгі фокус осы әдістерді қолдана отырып әдеби шығармаларды оқытудың перспективаларын бағамдауға бағытталады. Негізінен коучинг пен менторинг әдістері арқылы (GROW моделі) оқыту адамдарға эмоционалдық, психологиялық, дидактикалық тұрғыдан көмектесе алады. Поэзия, рөлдік ойын, метафора сияқты әдебиет құралдарын қолдану да студенттерге қолдау көрсетуде пайдалы. Мақалада коучинг пен менторинг әдістерін қолдану арқылы оқытуға болатын қазақ және әлем әдебиеті шығармалары қарастырылған.