Деректер журналистикасы: қалыптасуы мен даму болашағы

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2020-133-4-85-91
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ақпарат таратудың жылдамдығы мен сенсациялы болуын талап ететінбұқаралық медиа саласына дата журналистика әсер етіп, дүниені жайлаған технологиялық төңкерістің бір тетігіне айналды. Соңғы он жылда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың айтарлықтай қарқын алуы себебінен журналистика ілімінзерттеушілер ең инновациялы деп айтуға болатын «деректерге негізделген журналистика» саласына айырықша көңіл бөле бастады. Өйткені бүгінгі таңда журналистенөз мамандығының қыр-сырын білуімен қатар, дизайн және ақпараттық технологияданда біліктілік талап етілуде. Сонымен қатар, көп деректермен және статистикалықмәліметтермен жұмыс істеуге тура келуде. Әлем елдерінің көпшілігінде журналистермен сарапшылар осы салаға тән құралдар мен ерекшеліктерді пайдалана отырып, күніне жүздеген материал жазып жатыр. Сол себепті деректер журналистикасының дамуүдерісін үнемі қадағалап отырған абзал. Бұл ретте қазақстандық дата журналистикадада ілгерілеу байқалады.